23 қазан күні аймақта жол апатынан 12 адам қаза тапқан еді.

Кейін тіл тартпай кеткен 2 жүргізушінің әрекетіне қатысты тергеу басталған-ды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы оқиға "Самара – Шымкент" автожолында, Ақтөбе облысындағы Белқопа ауылының маңында тіркелді. Онда DAF жүк көлігі мен жолаушы тасымалдайтын "Газель" көлігі бір-біріне соғылып, 12 адамның өмірін жалмаған болатын.

Соңғы ақпараттарға сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі қаза тапқандардың отбасына (арасында бір үйдің адамдары бар) 1 миллион теңгеден материалдық көмек беретінін мәлім етті.

Қазіргі уақытта екі жүргізушінің әрекеті тергелуде. 23 қазанда жантүршігерлік жол апатын ІІМ-нің арнайы тобы тергейтіні белгілі болып, артынша арнайы Тергеу жөнінде үкіметтік комиссия да құрылды.