Павлодарда төбелескендер жазаланды. Оқиға теміржол вокзалы алаңында болды, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаға қатысы бар екі азамат анықталып, қалалық полиция бөліміне жеткізілген.

Аталған дерек бойынша бұзақылық бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.