Ыстанбұлдың «Kamus» баспасынан жазушы Қайсар Әлімнің « Міржақып Дулат­ұлы» кітабы түрік тілінде басылып шықты. Тәржімені Ашур Өздемир жасады.

Кітаптың тұсаукесері Ыстан­бұл қаласында ерекше ілтипатпен өтті. Абай атын­дағы мектепте, университетте, Қазақ қоры қоғамында, орталық кітапханада, республикалық музейде таныстырылды.

Абай мектебіндегі іс-ша­раға Ыстанбұлдағы Бас консулымыз Нұриддин Аманқұл қатысып, Алаш арысының түркі дүниесіне қатысты терең ойларын кеңінен тарқатты. Сондай-ақ ол жазушының Абай туралы еңбектерінен тағылымды үзінділер оқыды.

Іс-шара барысында оқу­шы­лар Абай мен Міржақып шы­ғар­машылығына арналған сұ­рақ-жауапқа белсене қаты­сып, білім мен ізденіс дең­гейін танытты. Еске сала кете­йік, кітаптың түрік тілінде жа­рық көруіне демеушілік көр­сеткен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бейсенғалиев.