Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Финляндия президенті Қазақстанға ресми сапармен келді (фото)

“Ақорда” резиденциясында Финляндия президентін қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың хабарлауынша, бұл – Александр Стуббтың президент ретінде елімізге алғашқы ресми сапары.

Екі елдің басшылары бұған дейін БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Нью-Йоркте кездесті.

Суоми (фин тілінде – Финляндия, ред.ескертпесі) Қазақстан экономикасына 2005 жылдан бері жарты млрд долларға жуық инвестиция салған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз