Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 28 қазанда халықаралық орталық құру туралы келісімді ратификациялады. Бұл орталық қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға берумен айналысатын болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру қауіп-қатеріне баға беретін халықаралық орталықты құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, делінген Ақорда хабарламасында.
Бұл заңды ҚР Парламентінің Сенаты 2025 жылы 26 қазанда мақұлдап, қол қою үшін Мемлекет басшысына жолдаған болатын.
Келісімге, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мемлекет басшылары 2023 жылдың қазан айында Бішкек қаласында қол қойған. Келісімнің негізгі мақсаты ТМД елдерінің ұлттық экономикалары мен қаржы жүйелерін, қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру қатерлерінен қорғауға бағытталған, тәуекелдерді бағалайтын халықаралық орталық құру.
Орталықтың негізгі мақсаттары қаржы мониторингі және тәуекелдерді бағалау саласындағы мамандарды оқыту, олардың біліктілігін арттыру және қаржы институттары, құқық қорғау органдары және басқа да мүдделі тараптар арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Бүгінде дүние жүзінде жасанды интелекттің ерекше дамуына байланысты, бұл халықаралық орталықтың құрылуы өте маңызды. Себебі, орталық қаржылық ақпаратты жан-жақты зерделейтін заманауи ақпараттық-талдау жүйесі ретінде ұйымдастырылған. Келісімді бүгінде Армения, Беларус, Қырғыстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мемлекеттері өз парламенттері арқылы ратификациялады.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Стубб "Қазақстан – Финляндия" бизнес форумына қатысқан болатын.