Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,13 теңге.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы арзандады.
Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,3 теңгеге арзандап, 535,83 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 538,13 теңге.
Kurs.kz мәліметіне сәйкес, Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 535,73 теңгеден сатып алынады, 537,91 теңгеден сатылады. Еуро 623,05 – 626,83 теңге, ал рубль 6,59 — 6,72 теңге аралығында саудаланады.
Елорданың ақша айырбастау орындарында доллар 534,37 теңгеге сатып алынады, 540,34 теңгеден сатылады. Еуроны сатып алу — 620,48 теңге, сату — 628,49 теңге. Ал рубль 6,53 — 6,69 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кредит арзандауы мүмкін: Ұлттық банк шекті мөлшерлемені дайындап жатыр