2025 жылғы 28 қазанда сағат 15:30-да Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 535,83 теңгені құрады, бұл алдыңғы көрсеткіштен 2,3 теңгеге төмен.
Рубльдің бағамы 6,73 теңгеге дейін (+0,10) көтерілді.
Таңертеңгі сауда кезінде қытай юанінің орташа өлшенген бағамы 75,56 теңгені (+0,07) құрады.
Айырбастау пункттерінде долларды сатып алу/сату – 536,18–538,19 теңге, евроны – 623,27–627,06 теңге, рубльді – 6,59–6,72 теңге аралығында жүзеге асырылуда.
Өз кезегінде, 28 қазандағы сауда барысында әлемдік мұнай бағасы да төмендеуде.
Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың фьючерстері 1,16%-ға төмендеп, барреліне 64,14 долларды құрады.
West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнайдың фьючерстері 1,17%-ға төмендеп, барреліне 60,56 доллар болды.
Бұған дейін 28 қазандағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамын ұсынған болатынбыз.