Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик осы маусымда ATP турнирлерінің негізгі кезеңдерінде 34 жеңіске жетіп, өзінің кәсіби мансабындағы жеке рекордын жаңартты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған дейін ұлттық құраманың көшбасшысы төрт жыл бұрынғы маусымда 33 жеңіспен шектелген болатын.
ATP-нің ресми сайтының мәліметінше, Бублик өзінің 34-ші жеңісіне Париждегі "Мастерс" турнирінің алғашқы айналымында қол жеткізді.
Ол әлемнің 47-ракеткасы, австралиялық Алексей Попыринді сенімді түрде 6:4, 6:3 есебімен ұтты.
Осылайша, Александр Бублик 2025 жылғы маусымда өзінің ең табысты кезеңдерінің бірін өткізіп жатыр — ол рейтингтегі ұпайларын нығайтып, қазақстандық теннистің тарихына тағы бір маңызды жетістік қосты.
Келесі кезеңде теннисші Франция өкілі Корентен Муте мен АҚШ спортшысы Райли Опелка арасындағы кездесу жеңімпазымен кездеседі.
Бұған дейін ауыр атлет Бейбарыс Ерсейіт жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қос медаль иеленгенін жазғанбыз.