Биыл қыркүйекте бес шетелдік азамат Алматыда теракт жасамақ болған. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

Қазір олардың бәрі ұсталған және тергеліп жатыр.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында 5 шетелдік азаматтың 2025 жылдың қыркүйегіне жоспарлаған террорлық актісінің алдын алды. Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлайды ҰҚК.

Бұдан өзге, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында Қазақстанның сегіз азаматы қамалған. Тағы алты адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған.