Францияға тиесілі Гваделупа аралының маңындағы Кариб теңізінде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 08:38-де аралдан шамамен 162 шақырым батыс бағытта болған.

Мекеме дерегіне сәйкес, негізгі 6,5 магнитудалы сілкіністен кейін осы аймақта тағы екі дүмпу тіркелген. Олардың магнитудасы тиісінше 6,0 және 5,4 болған.

Айта кетерлігі, жер сілкінісі Кариб теңізінің шығыс бөлігіндегі өзге аралдарда да сезілген. Алайда қаза тапқандар мен қирандылар туралы ақпарат түспеген.