Бұған құс тұмауы тікелей әсер етеді .

Еуропа елдерінде вирус маусымашарға қарағанда ерте басталып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мысалы, Германияның шығысында құс тұмауы тым өршіп тұр. Сол себепті, жергілікті билік 200 мыңнан аса құс пен үйректі жойды. Енді тағы 130 мыңнан көбін жою жоспарда бар.

Сарапшылар биыл Еуропада құс тұмауы тез таралуы жаңа дағдарыс тудыруы ықтимал екенін жасырмайды. Тамыз айынан қазанның ортасына дейін 10 елде құс тұмауы ошағының 56 оқиғасы тіркелген. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Сондай-ақ, вирустың таралуы да ерте басталған.

Қазірдің өзінде Бельгия, Франция секілді кейбір ел құстарды жабық ұстап, карантин шараларын күшейтуге міндеттеді. Құсқа екпе жасау бағдарламаларын қайта қолға алған мемлекеттер де табылады.

Құс тұмауының адамдарға жұғу қаупі төмен деп бағаланып отырса да, вирус жануарлардан сүтқоректілерге, мал шаруашылығына тарау қаупі туындаған.