Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыркүйекте Алматыда 5 шетелдік жоспарлаған террорлық актінің алдын алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр.
«Сонымен қатар, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен 8 адам қамауға алынды. Осы кезеңде 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», — деп жазылған хабарламада.
Жыл басынан бері осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған, оның алтауы — шетелдіктер