Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда террорлық актінің алдын алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК 2025 жылдың қыркүйегінде Алматыда бес шетелдік азамат жоспарлаған террорлық актісінің алдын алған.

"Олардың барлығы қамауға алынып, тергеу жүргізілуде", — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ҰҚК мәліметінше, биыл қыркүйек пен қазанда терроризмді насихаттады деген күдікпен қылмыстық істер аясында 8 қазақстандық қамауға алынды. Ведомство өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес тергеп-тексеру барысы туралы ақпаратты жария етпейтінін мәлімдеді.

Сол кезеңде ҰҚК материалдары бойынша 6 адам террористік және экстремистік қылмыстар жасағаны үшін түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Ал жыл басынан осындай қылмыстары үшін 89 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның алтауы шетелдіктер.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз