Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың көрімдік берген видеосы тарап, жұрттың талқысына түсті деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әнші Қайрат Нұртас бауыры Заңғардың жақында ғана дүние есігін ашқан сәбиіне долларлап көрімдік берді.

"Бүгін ағам келіп, көрімдік беріп қуантып кетті", — деп жазды Нұртас әулетінің кенже келіні.

Қайраттың жомарттығына сүйсінгендер де, сынап тастағандар аз емес.

"Осы інісі Қайраттың қызы Рәбия Сұлтанға көрімдік берді ме?", "Кайраттың 5 баласының несібесін ұялмай алып алдың көрімдік деп. Бетімнің қалыңы жанымның рахаты дейсің ғой", "Келін шырақ жатып алып қайын ағасынан көрімдік алып жатыр ма, ыржалаңдап" деген жағымсыз пікірлер жазуда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KN Kairat Nurtas (@kairattt_kn)