Еркін күрестен Қазақстан құрамасының өкілі Ризабек Айтмұхан Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының финалына шығу үшін күреседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Айтмұхан америкалық Гаравус Куэкобакилахомен белдесті.
Қазақ балуаны қарсыласын сенімді түрде жеңіп, енді әлем чемпионатының жартылай финалында боз кілемге шығады.