Оның үздік нәтижесі — 46.94 метр.
Қазақстандық жеңіл атлет Вероника Елисеева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Елисеева балға лақтыру сайысында үшінші орын иеленді.
Жарыс жеңімпазы — қытайлық Ижу Ван (68.59 м), ал күміс жүлдені оның отандасы Юйцзя Гао (63.08 м) еншіледі.