"Қазгидромет" РМК 26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде күн райы бұзылуына орай ескерту жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

26-28 қазанда Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыста жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, тұман түседі.

Түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман түседі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Күндіз Жамбыл облысының шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысының оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан солтүстікке ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні — 15-20 м/с-қа жетеді.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз