Қазақстан құрамасының таеквондошысы Нодира Ахмедова Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Спортшы 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.
Ол жартылай финалға дейін жетіп, Тайбэй өкілі Юн Люге жол берді. Нәтижесінде Нодира әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында соңғы рет 2007 жылы жүлдеге ие болған еді. Сол кезде Назгүл Тәжіғұлова (51 келіге дейін) жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілген еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз