Барлық бұйымдар банк қоймасының 26 метр тереңдіктегі басты қор сақтау бөлмесіне орналастырылды.
2025 жылы 24 қазанда, жұма күні таңертең, Париж полициясының арнайы күзетімен Лувр мұражайының зергерлік бұйымдарының бір бөлігі қауіпсіздік мақсатында Франция банкінің қоймасына жеткізілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты RTL басылымына сілтеме жасап.
Сол күні төрт қарақшы қарапайым жүк көтергіш көліктің көмегімен Лувр ғимаратына кіріп, Аполлон галереясындағы зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен.
Лувр қандай бұйымдар көшірілгенін нақтыламады, алайда RTL-дің дерегінше, Аполлон галереясындағы “Патша әулетінің зергерлік бұйымдары” мен мұражайдың өзге бөліктеріндегі құнды әшекейлер уақытша Франция банкінің сейфтеріне жеткізілген.
Барлық бұйымдар банк қоймасының 26 метр тереңдіктегі басты қор сақтау бөлмесіне орналастырылды. Бұл жерде Францияның алтын қорының 90%-ы сақталады. Айта кетсек, дәл осы жерде бұған дейін Леонардо да Винчидің 600 млн еуро тұратын қолжазбалары да сақтауға алынған болатын.
Қазір бұл істі Париждің қылмыстық полициясының тонау және мәдени құндылықтар саудасына қарсы бөлімдері (BRB және OCBC) тергеп жатыр. Күдіктілердің төртеуі де әлі ұсталған жоқ.