Қазақстан – әлемді біріктіретін алтын көпір. Кейінгі 10 жылда Астана жаһандық ауқымды жиындардың маңызды алаңына айналды.

ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың пайымынша, Қазақстанның әлемдегі геосаяси рөлі орасан. Ол еліміздің стратегиялық саясаты мен экономикалық реформалары және әлемді біріктіру идеясы көпке үлгі болып отырғанын айтты. Сондай-ақ халықаралық ТүркСОЙ ұйымын құруға Қазақстан бастамашы болғанын ерекше атап өтіп, Республика күнімен құттықтады.

Сұлтан Раев, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының бас хатшысы:

- Түркі мемлекеттері арасында Қазақстанның рөлі ерекше. Ел түркі әлемін біріктіру идеясының бастамашысы болды. Қазақстанның ұсынған маңызды бастамалары арқасында басқа елдер қолдау көрсетіп, ірі жобалар жүзеге асты. Түркі елдері бір алып бәйтерек болса, оның тамыры Қазақстаннан бастау алады. Мен қазақ елін, қазақ халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан Республикасының көк туы көгімізде желбірей берсін! Қазақстан жасай берсін!