Венесуэла президенті Николас Мадуро АҚШ президенті Дональд Трампқа ағылшын тілінде елге шабуыл жасамауды өтініп, үндеу жолдады , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

"Соғысқа жол жоқ, соғысқа жол жоқ. Тек бейбітшілік, тек бейбітшілік орнасын, мәңгіге, мәңгіге. Ешқандай соғыс болмасын. Өтінемін, өтінемін, өтінемін", — деді мемлекет басшысы Каракаста өткен іс-шарада.

23 қазанда Трамп АҚШ Венесуэладағы есірткі картельдеріне қарсы әскери операция өткізуі мүмкін екенін мәлімдеді. Ол Вашингтон Каракасқа наразы екенін білдіріп, Венесуэланы АҚШ аумағын заңсыз мигранттармен және есірткімен "толтырды" деп айыптады.

New York Times басылымының ақпаратына сәйкес, Ақ үй Орталық барлау басқармасына (ЦРУ) Мадуро үкіметін құлату мақсатында Венесуэлада құпия операциялар жүргізуге рұқсат бергенін растаған. Венесуэла үкіметі бұл мәлімдемені айыптап, америкалық лидерді "халықаралық құқықтың өрескел бұзды" деді.

Қыркүйекте АҚШ Венесуэла жағалауында есірткі тасымалдайды деп күдік келтірілген қайықтарды жою үшін қарулы күштерін пайдалана бастаған.

NBC телеарнасының хабарлауынша, АҚШ әскерилері Венесуэла аумағындағы есірткі саудасымен айналысатындарға соққы беру жоспарын дайындап жатыр, мұндай операциялар алдағы бірнеше аптада басталуы мүмкін.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget