Геннадий Головкин халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидатурасын ұсынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
«Достар, мен халықаралық World Boxing федерациясының президенті лауазымына өз кандидаттурамды ұсыну туралы маңызды шешім қабылдадым.
Менің миссиям – бокстың олимпиадалық болашағын сақтау, сенімді нығайту және спортшыларды, жаттықтырушылар мен федерацияларды біздің спортты дамыту жолындағы талпыныстарында қолдау.
Біздің басты мақсатымыз – Халықаралық Олимпиада комитетінің толық мойындауына қол жеткізіп, бокстың Лос-Анджелес-2028, Брисбен-2032 және алдағы Олимпиада ойындарындағы орнын бекіту.
23 қараша күні біз бокстың жарқын болашағына қарай маңызды қадам жасаймыз.