Алғашқы алтынды велошабандоздар аралас эстафетада жеңіп алған болатын.
Таеквондодан Қазақстан құрамасының өкілі Айым Серікбаева Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Спортшымыз 44 келіге дейінгі салмақта сынға түсті. Финалда Серікбаева вьетнамдық Хуэн Хоанды 2:0 есебімен сенімді түрде жеңді.
Ал, 48 келіге дейінгі салмақта сынға түскен тағы бір қазақстандық таеквондошы Буняд Бахрамкулов жартылай финалда иорданиялық Абдалла Шахиннен жеңіліп, қола жүлде алды.