Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 24 қазанда Республика күніне арналған салтанатты кешті тамашалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған "Рухтың асқары – Қазақстан" мерекелік концертіне барды, делінген Ақорда хабарламасында.
"Астана Опера" театрының сахнасында қазақстандық белгілі әртістер мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.