Синоптиктер демалыс күндері елімізде күн райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, ашық әрі құрғақ күндерден кейін демалыс күндері Қазақстан аумағына атмосфералық фронттар ығыса бастайды.
Сондықтан республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, түнде жаңбыр қарға ұласуы мүмкін, сондай-ақ жел күшейіп, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман күтіледі.
Десе де ел аумағында айтарлықтай күн суытпайды, тек Қазақстанның солтүстігінде қысқа мерзімді салқындау күтіледі. Бұл өңірде түнде -3...-8° градус шамасында аяз болса, күндіз 3-8° жылы болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз