Қолданыстағы заңға сәйкес, субсидия алу үшін талап етілетін шарттың бірі – арнайы су пайдалану рұқсатының болуы.
Облыстың мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жайылымдарды суландыру мен мал шаруашылығы нысандарын сумен қамтамасыз етуге жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялар бөлу кезіндегі заңбұзушылықтарды анықтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Аауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен маманы тиісті рұқсаттарсыз жалпы сомасы 24 млн теңге болатын 35 субсидияны заңсыз бөлген.
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде аталған тұлғаларға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды.
Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы су ресурстарын ұтымды пайдалану және бюджет қаражатын мақсатты жұмсау саласында заңдылықты қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмысын жалғастырып жатыр.