Бұл туралы Литва президенті Гитанас Науседа мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі болса, ұшақтар тек Калининград облысы үстінен ұшқанын айтып, бұл айыптауды жоққа шығарып отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Бұл – халықаралық құқық пен Литваның аумақтық тұтастығын өрескел бұзу. Мұндай оқиғалар Еуропаның әуе қорғанысын күшейту қажеттігін тағы да дәлелдейді", – деп жазды Науседа X әлеуметтік желісінде.

Президенттің айтуынша, Литваның Сыртқы істер министрлігі Ресей елшілігінің өкілдерін шақырып, бұл "қауіпті әрі жауапсыз әрекетке" наразылық білдіретін болады.

Delfi басылымының хабарлауынша, 23 қазан күні шамамен сағат 18:00-де Ресейдің екі әскери ұшағы – Су-30 және Ил-78 – Калининград облысына жақын Кибартай қаласы маңында Литва әуе кеңістігіне кірген.

НАТО-ның Eurofighter Typhoon жойғыш ұшақтары дереу әуеге көтерілген.

Алдын ала мәлімет бойынша, ресейлік ұшақтар Литва үстінен небәрі 18 секундтай ұшып өткен. Литва қарулы күштері мұны Ресейдің әуеде жанармай құю жаттығулары кезінде болған қателік деп болжайды.

Ресей қорғаныс министрлігі: "23 қазан күні Су-30 ұшақтары Калининград облысы үстінде жоспарлы оқу-жаттығу рейсін орындады. Ұшақтар белгіленген бағыттан шыққан жоқ, өзге елдердің шекарасын бұзбады", – деп мәлімдеді.