Солай бола тұра, қылмыскерлер әлі іздестірілуде .
Әлеуметтік желілерде Луврдың екінші қабатында орналасқан Аполлон галереясынан қашып бара жатқан ұрлықшылардың видеосы жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бейнежазбадан екі қаскөйдің екінші қабаттан механикалық көтергішпен төмен түсіп бара жатқанын байқау қиын емес. Содан соң полицияның сиренасы естіледі, десе де қарақшылар скутерлерімен бой тасалап үлгерген. Олар небәрі 7 минутта арам ойын жүзеге асырған.
NBC-тің мәліметінше, Франция прокуратурасы бұл бейнежазбаны тергеу материалдарына енгізген.
Осыған дейін Лувр музейінен ұрланған құнды жәдігерлердің шығыны белгілі болған еді.
Франция президенті Эмманюэль Макрон кінәлілердің міндетті түрде ұсталатынын жеткізсе, миллиардер Павел Дуров зергерлік бұйымдарды сатып алуға дайын екенін айтты.
Күні кеше Лувр мұражайына 88 миллион еуро шығын келтірген директор ел күтпеген шешім қабылдаған болатын.