Алматыда автобус аялдамаға соғылып, онда автобус күтіп тұрған адамды қағып кетті, деп хабарлайды Алматы полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 12:35-те Жетісу ауданында автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады.
"Солтүстік айналма тас жолымен солтүстік бағытта келе жатқан Youtong автобусының жүргізушісі көлікке ие бола алмай, жол жиегіне және аялдамаға соқтығысып, сол уақытта аялдамада тұрған жаяу жүргіншіні қағып кетті", — деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Апат салдарынан екі адам – аялдамада тұрған жаяу жүргінші мен автобус жолаушысы медициналық көмекке жүгінген.
Оқиғаның мән-жайын Жетісу аудандық полиция басқармасы анықтап жатыр.
NUR.KZ редакциясына оқиға куәгері видео жолдады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз