Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында мәлімдеді , деп хабарлайды Egemen.kz.
«Конституциялық реформа жасалған кезде, сондай-ақ атом станциясын салу мәселесін талқылаған уақытта дәл солай болған. Қазір де солай болмақ. Бұл елімізде жаңа саяси мәдениеттің пайда болғанын көрсетеді, яғни бұл – қоғам көкейінде жүрген аса өзекті мәселелерді шешудің жаңа дәстүрі қалыптасып жатыр деген сөз», деді Мемлекет басшысы.
Президент азаматтардың өз Отанының келешегіне шынайы алаңдап, оның даму жолында аянбай тер төксе, ұлт шын мәнінде егемен елге айналатынын айтты.
«Өзге мемлекеттер де оны солай қабылдайды. Тіпті ол бір қарағанда ұсақ іспен айналысқандай көрінгенімен, шын мәнінде өте маңызды жұмыс атқарса, мысалы, көгалдандырумен, өзі тұратын аумақты тазалаумен шұғылданса, қал-қадерінше қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағаласа, вандализм мен дөрекі қылықтарға қарсы тұрса елге пайдасын тигізеді. Өзіне, отбасына, туған еліне жаны ашитын отандастарымыздың үлкенді-кішілі жетістіктеріне күн сайын куә болып жүрміз. Олар шынайы патриоттығының арқасында осындай дәрежеге жетіп отыр. Баршаңызға мәлім, жыл сайын азаматтарымыз түрлі салада топ жарады. Бұл халқымыздың жасампаз болмысын паш етеді. Жастарды осындай ізгі амалдар жасауға ынталандырады, ұлттық рухымызды жани түседі», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.