Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А.Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы 2025 жылғы мемлекеттік сыйлықтарды беру туралы Жарлыққа қол қойды.

Дереккөзге сүйенсек, Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық келесі ғалымдар мен мамандарға берілді:

«Қазақстан Республикасының гидрогеологиялық карталар атласы» тақырыбы бойынша еңбегі үшін:

«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» ЖШС директоры, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор Мәліс Құдысұлы Әбсәметовке;

«АлматыГидроГеология» ЖШС бас директоры Рахматулла Аязбаевқа;

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Ержан Итеменұлы Көлдеевке;

«У.М. Ахмедсафин атындағы Гидрогеология және геоэкология институты» директорының ғылым жөніндегі орынбасары, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Ермек Жәмшитұлы Мұртазинге;

Аталған институттың өңірлік гидрогеология және геоэкология зертханасының бас ғылыми қызметкері, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты Владимир Александрович Смолярға.

«Кондициялық емес түсті металлургия шикізатынан жоғары сапалы селен алудың экологиялық қауіпсіз вакуум-термиялық технологиясын дайындау және оның өнеркәсіптік өндірісін ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жұмысы үшін:

«Металлургия және кен байыту институты» АҚ бас директоры – басқарма төрағасы, техника ғылымдарының докторы, профессор Бақдәулет Кенжәліұлы Кенжәлиевке;

Институттың вакуумдық процестер зертханасының бас ғылыми қызметкері, техника және физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Валерий Николаевич Володинге;

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС кешенді технологияларды дамыту және инвестицияларды жоспарлау департаментінің директоры, техника ғылымдарының докторы Ержан Арыстанбекұлы Оспановқа;

«Металлургия және кен байыту институты» бас директорының орынбасары, жетекші ғылыми қызметкер, техника ғылымдарының кандидаты, профессор Сергей Анатольевич Требуховқа;

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС техногендік шикізатты кешенді қайта өңдеу басқармасының бастығы Александр Александрович Шахаловтарға берілді.