Қарағандыда бокстан КСРО және Еуропа чемпионы , көрнекті жаттықтырушы және қоғам қайраткері Қазыбек Ашляевтің туғанына 80 жыл толуына орай халықаралық конференция өтті.

Оның жарқын бейнесін спорт ардагерлері, әріптестері, достары мен туыстары еске алып, мемориалдық тақтаға гүл қойды. Қазыбек Ашляев қазақ боксының дамуына зор үлес қосты. 1991-1994 жылдар аралығында Туризм, дене шынықтыру және спорт вице-министрі болып қызмет етті. Қазақ спорт және туризм академиясының профессоры, Мюнхен Олимпиадасына дайындалған құраманың жаттықтырушылар штабында болған.

Серік Сәпиев, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы:

- Қазыбек Сопыжанұлын еске алып, есімін ұлықтау парызымыз. Қарағанды спортының қалыптасу кезеңінде ол жаттықтырушы ретінде облыстағы боксты басқарды және сол уақытта үлкен нәтижелерге қол жеткізілді. Жалпы қазақ боксының дамуына зор үлес қосқан тұлға.