Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Глеб Клепинин Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спортшы үш қарғып секіруден үшінші орын иеленді.

Ең үздік мүмкіндігінде Клепинин 14,38 метр нәтижесін көрсетті. Қалған бес мүмкіндігі есепке алынбады.

Жеңімпаз атанған қытайлық Аоди Ли 15,15 метрге секірді. Екінші орынды өзбекстандық Шахзодбек Холмуродов иеленді.