Отбасылық жанжалдан кейін психиатриялық ауруханаға жатқызылған Ақтөбе тұрғынының дені сау болып шықты. Көпбалалы ана үйіне перзенттеріне оралды, деп ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Белгілі болғандай, әйел адам 9-22 қазан күндері аралығында Алматы қаласындағы республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында жатқан. Орталықтан шыққан кезде мамандар оған "дені сау" деген анықтама берді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері көпбалалы ананың 2026 жылдың сәуір айына дейін бақылауда болатынын хабарлады.

Әйел адамның балалары әзірге үлкен әпкесінің қамқорлығында болады. Алайда көпбалалы ана ата-ана құқығынан айырылған жоқ. Отбасыны баспанамен қамту мәселесі Ақтөбе облысы әкімі Асхат Шахаровтың жеке бақылауында тұр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз