Күн — елдің тынысы
Бөлімдер
Жаршы

Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі туралы мәлімет жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ҚР ТЖМ “СБЗҰҒО” ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2025 жылғы 23 қазанда Астана уақыты бойынша 12:20 жерсілкінісін тіркелді.

Жер сілкінісі ошағы Қырғызстан аумағында Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 136 шақырым жерде орналасқан.

Жер сілкінісінің координаттары: 42.032 с.е.76.784 ш.б Тереңдігі – 10 шақырым. Жер сілкінісінің сезілуі (MSK-64 шкаласы бойынша): Есептік қарқындылығы: сезілген жоқ.

Хабарламада тұрғындарға қауіпсіз жерлерді паналауға және дүмпулер басылғаннан кейін ғимараттардан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялануға кеңес берілген.

– Назар аударыңыз! Жер сілкінісі! Қауіпсіз жерлерді паналаңыз. Дүмпулер аяқталғаннан кейін ғимараттан қауіпсіз қашықтыққа эвакуациялаңыз. Уәкілетті органдардың нұсқауларын мұқият қадағалаңыз, – делінген ескертуде.