Газа секторындағы жердің 95%-і егін егуге жарамсыз. Біріккен ұлттар ұйымы өкілдері осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жағдай аштық қаупін одан бетер күшейтіп отыр. Халықаралық ұйымның дерегі бойынша қазір Газада 12500 гектар аумақ жарамсыз күйге түскен. Шаруалардың 78%-і өсіріп отырған бақшаларына жете алмай отыр. Газа секторында ауыл шаруашылығы жарты миллионнан аса тұрғынның жалғыз табыс көзі саналады. Израильдің әскери операциясынан бұл сала 2 млрд доллар жоғалтты. Сарапшылардың есебінше, Газадағы ауыл шаруашылығын қалпына келтіру үшін 4,2 млрд доллар қажет.