Алматыда 9-қабаттан құлаған 18 жастағы қыз аман қалды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .
Куәгерлердің сөзінше, құлаған кезде қыздың үстінде тек іш киім болған. Көршілерінің айтуынша, оқиға алдында ол пәтерде құрбысымен бірге болған.
Алматы Полиция департаменті бұл оқиға бойынша тергеу бастады.
"Жетісу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады", — деді ведомство өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз