Бұл туралы еліміздің таэквондо федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстанда тұңғыш рет таэквондодан (WT) әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қытайдың Уси қаласында өткен Дүниежүзілік таэквондо федерациясының әлем чемпионаты аясында өткен жиында бәрі бір ауыздан Қазақстан кандидатурасын қолдады.

– Біздің әлем чемпионатын қабылдауға мүмкіндігіміз зор.Оны бұған дейін дәлелдей алдық. Мәселен, Астанада "Kazakhstan Open" турнирі жоғары деңгейде өтті. Ал тамыз айында халықаралық жарысқа 700-ден астам спортшы қатысты. Дүниежүзілік таэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чоу оның ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Дүбірлі дода 2028 жылғы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Жазғы Олимпиада ойындары алдында ұйымдастырылады, – деді Қазақстан таэквондо (WT) федерациясының президенті Кудрат Шамиев.