Биыл елде демалыс және сауықтыру бағдарламаларымен 3,4 млн оқушы қамтылды. Олар үшін мектеп жанындағы 10 мыңнан аса лагерь және қала сыртындағы 192 орталық жұмыс істеді.
Алдағы 2 жылда осындай 50 кешен құрылады. Одан бөлек келесі жылдан бастап білім беру-сауықтыру қызметтерін лицензиялау енгізіледі.