Астана – Петропавл трассасында қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді.

Қалың тұман салдарынан Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар жолдарында жылдамдық режиміне уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".

Ақмола облысы аумағында ауа райының нашарлауына байланысты Астана – Көкшетау – Петропавл – Ресей шекарасы бағытындағы тасжолдың 144-180 шақырым аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жылдамдық шектелді.

Компания жүргізушілерге жылдамдық пен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтауды және ауа райының қолайсыздығын ескеруді ұсынды. Қосымша ақпаратты тәулік бойы 1403 байланыс орталығынан алуға болады.


Оқи отырыңыз: "ҚазАвтоЖол": Ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды