Әзірге екі айға қамалғандардың ішінде мэрмен қоса, қаланың бас сәулетшісі де бар.
Армениядағы жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 33 адам ұсталды. Халықтың наразылыққа шығуына – оппозициялық мэрдің қамалуы себеп болған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Елдің ең ірі қалаларының бірі – Гюмри шаһарының басшысы Вардан Гукасянның қамалғаны кеше. Оппозициялық шенеунік пара алды деген күдікке ілінген. Әзірге екі айға қамалғандардың ішінде мэрмен қоса, қаланың бас сәулетшісі де бар.
Жалпы 8 мемлекеттік қызметкердің қолына кісен салыныпты. Бұл саяси қастандық деген тұрғындар жаппай наразылыққа шығып, айқай шығарды. Тіпті, тәртіп сақшылармен де қақтығысқа түскен. Өйткені, қамалған қала басшысы қазіргі билікке қарсы оппозиция өкілі еді.