Бағалы металдың құны бірден 230 долларға құлдырап кетті.
Соңғы айда бағасы күн сайын өскен алтын құны ақырындап төмендей бастады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Алтын бір тәулікте шамамен 230 долларға арзандады.
Астана уақытымен сағат 8:30-дағы жағдай бойынша, алтынның бір унциясы 4 113,05 доллардан саудаланды. Ол бір тәулікте 5.28%-ға арзандады.
Алтынның бағасының тым қатты қымбаттауына АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы әсер етті. Кейін екі алпауыттың келісімі бойынша жылымық орнап, нарықта баға өзгере бастады.