Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 28 қарашада жарияланады.
Бұл туралы Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тілшілер "Базалық мөлшерлемені қайтадан көтересіздер ме?" деп сұрады.
"Білмейміз. Тек қана факторларға сүйене отырып қабылдаймыз. Факторлар қандай болатынына байланысты. Ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің биылғы соңғы отырысы қараша айының ортасында болады. Сондықтан жаңартылған ақпаратты алып, талдау жасап, тиісті шешімді қабылдаймыз", – деді Тимур Сүлейменов.
Айта кету керек, бұған дейін Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтергенін жазғанбыз. Бұған дейін бұл көрсеткіш 16,5% болған.