Бұл туралы белгілі британиялық журналист Джо Сейвард жазбасында мысалға келтірді .

Осылайша, Өзбекстан елі аумағында "Формула-1" жарысының кейбір кезеңдерін ұйымдастыруға жанталасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Журналистің сөзінше, Өзбекстан өкілі Сингапурдегі Гран-приге қатысып, жарыс барысында Ташкентте және елдің өзге де ірі қалаларында "Формула-1" турнирін өткізу мүмкіндігін талқылаған.

Сейвард блогында Формула-1 жарысын ұйымдастыруға қызығушылық танытып жүрген өзге елдердің де атын атайды. Десе де, бұл тек бейресми кездесулер саналады, түпкілікті шешім әлі қабылданған жоқ.

– Сайыс Таиланд, Оңтүстік Корея және Өзбекстанда өтуі ықтимал. Бұл осы елдерде көлік спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді, – деді журналист.

Жоғарыда жазғанымыздай, қазір Ташкентте халықаралық автоспорт инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланып жатыр, бірақ келісім ресми бекітілмеді.

Биыл қыркүйекте "Формула-1" Гран-приі Әзербайжанда өткен еді.