Шығыс Қазақстан облысының полицейлері мен коммуналдық қызмет мамандары аумақтарды абаттандыруға қатысты алты мыңнан астам заңбұзушылық анықтады . Өңірде «Таза Қазақстан» акциясы аясында заңсыз қоқыс алаңдары жойылып, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылды. Экологиялық рейдке арнамыздың түсіру тобы да шыққан.

Өскемендегі қоқыс жәшіктерінің маңы арнайы техникалармен тазартылады. Қазір мамандар құрылыс қалдықтарын жинап жатыр. Биыл өңірде табиғатты қорғау заңнамасыз бұзған тоғыз мың адам жауапқа тартылды. Оның бір бөлігі бейнебақылау камерасы арқылы анықталды.

Гүлім Қасембаева ПД басқармасының аға инспекторы:

- Облыс бойынша полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарды ластауға жол берген және елді мекендер мен қалалар үшін белгіленген абаттандыру қағидаларын сақтамаған 17 мыңнан астам тәртіп бұзушылық анықталды. Заң бұзушылықтарды жою бойынша 340 астам ұсыным енгізілді.

Өскеменде жүздеген қоқыс жинау орны бар. Полицейлері оның бәрін қадағалап күзете алмайды.

Антонина Литвиненко қалалық түкш бөлімінің қызметкері:

- Қоқыс алаңдары қала аумағында ғана емес, жеке жер учаскілерінде де бар. Ал оны меншік иесі тазалау керек. Оларды жергілікті полиция қызметі арқылы анықтап, хабарлама жіберіп жатырмыз.

«Бұл ретте қалаға қоқыс өңдеу компаниясы керек», — дейді қоғам белсендісі Роман Честных. Оның айтуынша, жергілікті билік өкілдері Германия, Швеция, Жапонияның тәжірибесін меңгеріп, қоқысты кәдеге жаратудың тың технологиясын енгізуі тиіс.

Роман Честных, қоғам белсендісі:

- Бұл іспен бір-ақ компания айналысуы тиіс. Тұрғындар онымен келісімшартқа отырып, қоқыс жинау мәселесі жүйелі түрде атқарылуы тиіс. Кейбір адамдар оны жасамайды. Яғни олар қоқыс үшін төлемейді деген сөз.

Өскеменде қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаратын екі компания бар. Өкінішке қарай, қоқысты кәдеге жарататын кәсіпорын жоқ. Ресми мәлімет бойынша қала тұрғындарының 57 пайызы ғана келісімшарт жасасқан. Ал тұрғындардың коммуналдық қызмет қарызы 230 млн теңгеге жетті.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин Өскемен