Францияның экс-Президенті Николя Саркози Париждегі Ла-Санте түрмесіне қамалды.

Қыркүйек айының соңында сот Саркозиді қылмыстық ұйымға мүше болғаны және 2007 жылғы президенттік науқанын заңсыз қаржыландырғаны үшін кінәлі деп таныды. Тергеу мәліметтері бойынша, қаражат Муаммар Каддафи режимінен түскен. Бұрынғы мемлекет басшысы бес жылға бас бостандығынан айырылды. Қауіпсіздік мақсатында Саркози жазасын жеке камерада өтейді. Түрмеге жіберілмес бұрын ол Елисей сарайына барып, Францияның қазіргі Президенті Эммануэль Макронмен кездескен еді.