Қазақстанда IT қызметтер экспорты кейінгі 4 жылда 11,5 есе өсті.
Егер 2021 жылы IT шешімдер 60 миллион долларға сатылса, өткен жылы экспорт 690 миллион доллардан асты. Оң өзгеріс биыл да байқалады. Осы жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық компаниялардың ІТ өнімдері 253 млн долларға сатылды. Еліміз бұл тұста мемлекеттік органдардың бірыңғай интернет- платформасын, сондай-ақ қаржылық қызметтер бағытындағы өнімдерді экспорттайды. Олар АҚШ, Ресей, Араб Әмірліктері, Ұлыбритания, Нидерланды, Германия және Өзбекстанда сұранысқа ие. Ал Президент бейінді ведомствоға келер жылы IT қызметтер экспортын 1 миллиард долларға жеткізу міндетін жүктеген.
Қазақстаннан IT қызметтер экспорты
2021 ж. – $60 млн
2022 ж. — $337 млн
2023 ж. – $ 529 млн
2024 ж. – $690 млн
2025 ж. 1 тоқсан — $253 млн