Осылайша , 2,5 млрд теңгені пайдалануға тыйым салынып отыр.
Жыл басынан бері 16 ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, оның ішінде үшеуі – трансұлттық. 16 топ жетекшісі, 60 белсенді қатысушы ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Бұдан басқа, 170 есірткі насихаты мен жарнама фактісі анықталды. Полиция мен волонтёрлер 25 мыңнан астам граффити жазбалар мен сайт сілтемелерін бояп тастады.
"26 мың интернет-ресурс бұғаттауға жіберілді. 35 мыңнан астам банктік карта-шоты бұғатталып, 2,5 млрд теңгені пайдалануға тыйым салынды. Бұл ретте цифрлық платформалармен және басқа да ІТ-компаниялармен ынтымақтастық жалғасуда. Анонимді пайдаланушылар анықталып жатыр. 750 адам ұсталды, оның ішінде 32 – сайт администраторы", – деп мәлімдеді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.