21 қазан 2025 жылы Қазақстан қор биржасында (KASE) сауда сессиясы сағат 15:30-да аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz. Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа салмақты бағамы 538,56 теңгеге жетіп, тағы да 0,47 теңгеге көтерілді.

Рубльдің бағамы 6,65 теңгеге өсті (+0,01). Ал таңғы саудада юаньдың орташа салмақты бағамы 75,60 теңге болды (-0,04).

Айырбастау орындарында доллар 538,9–541,3 теңгеден, еуро 626,5–630,5 теңгеден, рубль 6,59–6,71 теңгеден сатып алынып, сатылуда.

Сонымен қатар, 21 қазан күні әлемдік мұнай бағалары төмендеді. Декабрь айына арналған Brent мұнай фьючерсі баррельге $60,73 деңгейінде бағаланып, 0,46%-ға арзандады. WTI мұнайы 0,49%-ға төмендеп, баррельге $56,74 болды.

Таңертең Ұлттық банк доллар бағамын 538,12 теңге, еуроны 627,02 теңге, рубльді 6,65 теңге деп бекітті.