Түркістанда патрульдік полицейлер Меккеге жаяу бара жатқан азаматқа көмек көрсетті, деп хабарлайды облыстық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, кезекшілік кезінде полиция қызметкерлері жол бойында жаяу кетіп бара жатқан ер адамды байқап, тоқтап жағдайын сұраған.
Белгілі болғандай, көрші мемлекеттің азаматы қасиетті Меккеге жаяу бет алған екен.
Полицейлер ер адамға жол қауіпсіздігін және ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, қажетті түсіндіру жұмыстарын жүргізген.
Кейін тәртіп сақшылары оған азық-түлік пен су алып беріп, қауіпсіздігі үшін автокөлікке отырғызып жіберген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз